Тіпті, интересное бөлімі де ол туралы бәрін айтып береді. Қалай дейсізғой?
Ол былай, егер сен "қалаулым" туралы көре беретін болсаң және соған қатысы бар адамдарға тіркелген болсаң, саған сол туралы ақпараттар, видеолар шығып тұрады. Ал егер сен футболды ұнатып, футболшылардың парақшасын ақтарудан жалықпайтын жан болсаң, саған футбол туралы фото, видеолар көрінеді.
Оған қоса, лентада, стористе кезігетін жарнамалар барғой, сол да сенің не көретініңе байланысты. Мысалы, саған спорт ұнамайтын болса, сен мүлде спорттық киімдер, матчтар туралы жарнама көрмейсің.
Сондықтан, дәл қазір "интересноеға" кіріп, өздеріңіздің уақыттарыңызды қандай видеолар көруге жұмсайтыныңызды, ол сізге қаншалықты пайдалы екендігін тексеріп алыңыз.