Инстаграм әлеміне ене салып, трендке айналған құрал - Stories. Қазіргі уақытта кез-келген инстаграм қолданушысы күніне кем дегенде 3-5 сторис салады. Демек, менің қазіргі айтатын бағдарламалардың да тізімі сіздер үшін маңызды.
1. Unfold
Инстаграмға арналған тегін/ақылы шаблондары бар. Бір қиыны, тегін шаблондар саны аз. Бірақ, олардың өзі де өте керекті, пайдалы.
2. Canva ⠀
Постқа да, сториске де арналған шаблондардың алтын сандығы бұл бағдарлама. Шынымен де, бұл жерден бірнеше жүзге жуық шаблондарды таба аласыз. Оған қоса, өзіңіз де дайын құралдар арқылы керекті шаблонды жасап аласыз.
3. InShot ⠀
Сториске фотолардан бөлек видеолар да саламыз. Сол кезде бізге осы бағдарлама көмек қолын созады. Өте қолайлы интерфейстермен жабдықталған.
4. Adobe Spark Post ⠀
Бұл жерде де түрлі-түрлі шаблондар бар. Бастысы, олардың саны көп және сапасы жоғары.
Mojo
Сторисқа арналған түрлі анимациялық видеоларды жасауға арналған бағдарлама. Тегін шаблондардың түр-түрі бар. Тіпті ақылы нұсқасын сатып алып қолдансаңыз да болады. Бастысы әдемі әрі ыңғайлы